Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қараусыз қалған мысықтарға үйшіктер орнатылып жатыр

Үй жануары, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2023 10:36 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Қаланың Медеу, Алмалы және Бостандық ауданында қараусыз қалған жануарларға қолайлы жағдайлар жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба "Animal Security" қоғамдық қорының бастамасымен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп "Жануарлармен жауапты қарым-қатынас туралы" Заңды іске асыру аясында демеушілік қаржы есебінен іске асырылуда.

"Қараусыз қалған мысықтарға арналған баспана оларды күтетін, тазалықты қамтамасыз ететін және дезинфекциялайтын тұрғындар арасында жауапты кураторлар болған кезде беріледі. Бүгінде Алматыда қоректендіргіштері бар 20 үйшік орнатылды, өндірісте тағы 50-ге жуығы жасалып жатыр. Мұндай үйшіктерде тұратын барлық мысықтар зарарсыздандырылған, паразиттерден тазартылған, сау және тұрғындар үшін қауіпсіз. Орнатылған үйшіктердің одан әрі тазалығы мен сақталуын жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қадағалауға міндетті". Алматы қаласы әкімдігі


Айта кетсек, 2023 жылы сәуір айында Алматы қаласындағы қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі үй мысықтары мен иттерін тегін чиптеу бағдарламасын қайта іске қосқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: