Синоптиктер 8-10 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, бұршақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 12:09 Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сүйенсек, Қазақстанның орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
"Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында дауылды жел тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК

Синоптиктер температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайтынын болжады. Еліміздің батыс аймақтарында күн ашық әрі ыстық болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: