Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында жылқылардың кесірінен жол апаты болды

Павлодар Сурет: Павлодар облыстық полиция департаменті
Жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар Атемекен – Курчатов автожолында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері жылқылардың кесірінен екі жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жергілікті тұрғындардың мал жаю ережелерін бұзуы бойынша 9 факті  анықталды.

"5 тамызда сағат 00.05-те иесіз жайылып жүрген жылқылардың кесірінен жол апаты орын алып, жүргізушіге моральдік және материалдық залал келтірілді. Тағы бір факт 6 тамызда сағат 03.30-да Май ауданы Жаңатілек ауылының жанында болды". Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев

Тәртіп сақшылары жануарлардың иелерін анықтады, 53 және 40 жастағы мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Айыппұлдан басқа, мал иелері  жол  апатынан зардап шеккен жүргізушілерге материалдық шығынды өтеуі керек. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз