Павлодар облысында екі күнде 31 жол-көлік апаты болды
Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, 9 қарашада сағат 6.15 шамасында Павлодар – Қызылорда автожолында Шідерті кентінің маңында Toyota Alphard маркалы екі автокөліктің қатысуымен ЖКО болып, салдарынан 34 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды, – деді ол.
Ведомство өкілінің мәліметінше, сол күні сағат 7.30 шамасында Лимонная көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде Volksvagen Passat маркалы автокөліктің жүргізушісі 14 жастағы кәмелетке толмаған баланы қаққан, ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүріс бөлігінен өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.
Қазір тексеру жүріп жатыр.
Полиция департаменті жол қозғалысының қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, жолда өте сақ болуға шақырды.
Полицей жолдардағы оқиғаларды болдырмау үшін жүргізушілерге ауа райына және белгіленген қашықтыққа сәйкес жылдамдық режимін сақтауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға кеңес берді.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге қыстың басталуымен жүргізушілерге көлік құралын басқару қиынырақ екенін еске саламыз және жолдың жүру бөлігін қозғалатын көліктің алдынан емес, бағдаршамның жасыл белгісіне өтуге шақырамыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік иелерін жазғы дөңгелектерін қысқы дөңгелекке ауыстыруға кеңес береміз.Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/pavlodar-oblysynda-koktajghaq-saldarynan-31-zhko-boldy/