Павлодар облысында қолайсыз ауа райы салдарынан 30-дан астам жол апаты орын алды
Облыстық ПД мәліметінше, жол апатының жиілеуіне өңірде қар жауып, көктайғақтың орын алуы себеп.
9 қарашада сағат 06.15 шамасында Павлодар – Қызылорда автожолында Шідерті кентінің маңында Toyota Alphard маркалы екі автокөліктің қатысуымен ЖКО болды.
Жол апаты салдарынан 34 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Сол күні сағат 07.30 шамасында Лимонная көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде Volksvagen Passat маркалы автокөліктің жүргізушісі 14 жастағы кәмелетке толмағанды қаққан, ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүріс бөлігінен өткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Тексеру жүргізілуде.
Полиция департаменті жол қозғалысының қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және жолда өте мұқият болуға шақырады. Жолдардағы оқиғаларды болдырмау үшін жүргізушілерге ауа райына және белгіленген қашықтыққа сәйкес жылдамдық режимін сақтауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға кеңес береді.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге қыстың басталуымен жүргізушілерге көлік құралын басқару қиынырақ екенін еске саламыз және жолдың жүру бөлігін қозғалатын көліктің алдынан емес, бағдаршамның жасыл белгісіне өтуге шақырамыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік иелерін жазғы дөңгелектерін қысқы дөңгелекке ауыстыруға кеңес береміз,– деді Жасқайрат Қайыров.