Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды: зардап шеккендер бар

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды: зардап шеккендер бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 09:18 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында Саин көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Estima маркалы минивэннің жүргізушісі жаңбыр кезінде көлікті басқара алмай қалған. Болжам бойынша, жол апатына жылдамдық режимін сақтамау себеп болған.

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды: зардап шеккендер бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 09:18

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші көлікті тізгіндей алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан жақында ғана орнатылған бордюрлерді қиратып, көлік бірнеше рет аударылып, ақыры бүйірімен тоқтаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен жол полициясының қызметкерлері келді.

Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің аяғы ашық сынып, жағдайы ауыр екені белгілі болды.

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды: зардап шеккендер бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 09:18

Сурет: Zakon.kz

Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: