Жамбыл облысында ірі жол-көлік апаты болды

Жамбыл облысы, жол-көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 16:38 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында 10 көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ірі жол апаты «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің Жамбыл облысы аумағынан өтетін бөлігінде болды, деп жазды 24.kz.

Әуелі Скания маркалы жүк көлігінің тіркемесі өздігінен жана бастаған. Өрт ұлғайып, жол бойындағы қозғалысқа кедергі келтіргендіктен, көлік уақытша тоқтатылыпты. Кейінірек басқа жүк көлігі автобусқа және тағы бірнеше жеңіл көлікке соғылған.

Апат кезінде тағы 4 көлік өртенді: жүк көлігі, жеңіл автокөлік және екі автобус. Оқиға орнында бір жүргізуші көз жұмды. 9 адам ауруханаға жеткізіліп, оның үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда қажетті барлық сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: