Жамбыл облысында көліктен түскен адамды көлік қағып, мерт қылды
Сурет: Жамбыл облыстық ПД
Жамбыл аудандық полиция бөліміне "Тараз-Гродеково" тас жолының бойында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Гродеково ауылының маңындағы жанар-жағармай бекетінің жанында "Toyota" көлігінен түсіп, жолдың қарама-қарсы бетіне өтпек болған жолаушыны "ВАЗ" көлігінің жүргізушісі қағып кетті. Салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.
Сурет: Жамбыл облыстық ПД
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Көлік қазіргі уақытта айыппұл тұрағына қойылды.
Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда, әсіресе түнгі уақытта сақ болуды, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жамбыл облыстық ПД
Сурет: Жамбыл облыстық ПД
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript