Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған қыз бен жігітті көлік қағып, бірін мерт қылды

Құлжа тас жолындағы жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 10:05 Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға түнде Құлжа тас жолының бойында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hyundai көлігі Құлжа тас жолымен солтүстік бағытта жүйткіп келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, Halyk Arena спорт сарайының маңына келгенде, күтпеген жерден алдынан бір қыз бен жігіт атып шыққан.

Жүргізуші қандай да бір әрекет қабылдап үлгере алмай, оларды қаққан.

Жігіт қатты соққы салдарынан бірнеше метрге ұшып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Ал қызды көлік тек іліп кеткен.

Айта кету керек, жастар белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Оқиға орнынан 30 метр қашықтықта жаяу жүргіншілерге арналған аспалы өткел бар.

Жол апаты орнында криминалистер мен жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеді.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: