Алматылықтарға тегін қазақ тілі курсы ұйымдастырылады
Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 8 тамызда Алматы әкімдігі қалада қазақ тілін тегін оқытатын курс ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратта Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс жұмысын бастағаны айтылған.
Оқыту мына аудиторияларды қамтиды:
- мемлекеттік қызметшілер;
- қала тұрғындары;
- этнос өкілдері;
- ең маңыздысы кәсіпкерлік (сауда-ойын сауық орталығының, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру) саласының қызметкерлері.
Әкімтіктің хабарауынша, оқыту тамыз-желтоқсан айларында, онлайн және оффлайн форматта, тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына 2 рет жүргізіледі.
Өтетін орындары: Алматы қаласы аудан әкімі аппараты ғимараттары мен Алматы қаласы аудан аумағындағы кітапханаларда.
"Қазақ тілін үйрену курсына жоғарыда көрсетілген топтарға жататын 18 жасқа толған барлық тұлғалар қатыса алады".Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Байланыс телефондары:
- Мемлекеттік тілді дамыту институты - 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64;
- Алатау - 2998649;
- Алмалы - 8776 830 03 67;
- Әуезов - 3032558;
- Бостандық - 2755068;
- Жетісу - 3842754/75; 8700 770 70 73;
- Медеу - 2916434;
- Наурызбай - 3074553; 8 708 767 97 41;
- Түрксіб – 2231115.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript