Алматылық полицейлер төрт азаматтан травматикалық тапанша мен оқ-дәрілерді тәркіледі

Алматылық полицейлер төрт азаматтан травматикалық тапанша мен оқ-дәрілерді тәркіледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 14:13 Сурет: ҚР ІІМ
Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері БМВ көлігін тоқтатқан.

Салонда төрт ер адам болған, олардың іс-әрекеті тәртіп сақшыларына күдікті болып көрінген.

Мұндай алаңдаушылық негізсіз болған жоқ. Көлік құралын тексеру барысында багаж бөлімінен 2 травматикалық тапанша мен оларға арналған оқтар табылды және тәркіленді.

"Осы уақытта күдіктілердің бірінен тағы бір травматикалық тапанша, оқтар мен пышақ табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергелі жатыр. Қарудың кімге тиесілі екендігі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: