Алматыда Сейфуллин даңғылының бір бөлігі бірнеше күнге жабылады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Алматы қаласының мобилділік басқармасы 8 тамыз күні Zakon.kz сайтына даңғылдың келесі бөлігін жөндеу басталғанын хабарлады.
Хабарламада Алматы-1 темір жол вокзалынан Жұмабаев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төселіп, көлік қозғалысы ашылғаны айтылған.
Енді Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Бұл учаскеде 8 тамыз сағ.23-00-ден 10 тамыз 07-00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі". Алматы қаласының мобилділік басқармасы
Жөндеу жұмыстарын Ақан Сері, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады.
"Сейфуллин даңғылын қиып өтетін Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан көшелерінде қозғалыс ашық болады", делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін патрульдік полицияның 4 экипажы қызмет етеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript