Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жеті автобустың жүріс бағытына өзгеріс енгізілді

Қоғамдық көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 19:54 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматы-1 теміржол вокзалынан Жұмабаев көшесіне дейінгі жолда полимерлі асфальтбетон жабыны төселіп, көлік қозғалысы ашылды. Жұмабаевтан Ақан Сері көшесіне дейін жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Соған байланысты автобустардың жүріс бағытына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған учаскеде 8 тамызда сағат 23-00-ден 10 тамыздың 07-00-ге дейінгі аралығында полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады. Жөндеу жұмыстарын Ақан Сері, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады. Сейфуллин даңғылын қиып өтетін Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан көшелерінде қозғалыс ашық болады: 

  • №18 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - Жұмабаев көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;
  • №18 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы - Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;
  • №30 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - одан әрі схема бойынша;
  • № 30 - кері бағытта - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;
  • №34 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - Жұмабаев көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;
  • № 34 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы - Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы;
  • №72 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - Жұмабаев көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;
  • № 72 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі-Сейфуллин даңғылы;
  • №129 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Ақан Сері көшесі - Жұмабаев көшесі - бұдан әрі схема бойынша;
  • №129 - кері бағытта - Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;
  • №138 - оңтүстік бағытта - Жұмабаев көшесі - Ақан Сері көшесі - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша;
  • №138 - кері бағытта - өзгеріссіз;
  • ТП7 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Рысқұлов даңғылына бұрылу - кері бағытта қозғалыс, бақылау бекеті "Сейфуллин / Рысқұлов" аялдамасы болатын болды;
  • ТП7 - кері бағытта - "Сейфуллин/Рысқұлов" аялдамасы - Сейфуллин даңғылы - одан әрі схема бойынша.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: