Жаңбыр мен салқындық: алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады

10-12 тамызда еліміздің батысын қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында дерлік жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжауынша, ауа райына белсенді оңтүстік циклоны әсер етеді. Жаңбыр жауып, жел күшейеді, тамыз айының осы күндерінде ауа райы әдеттегіден салқын болады.
"Ұзақ аптап ыстықтан кейін Қазақстанның басым облыстары салқындайды. Батыс облыстарды қоспағанда, республика бойынша жаңбыр жауады, кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел екпіні 15-25 м/с-қа дейін күшейеді. Найзағай кезінде екпінді желдің күшеюі ықтимал." "Қазгидромет" РМК
Қазгидромет ыстық ауа райы тек еліміздің батыс өңірлерінде сақталады деп қосты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript