Қостанай облысында 10 адам суға батып кетті

Қостанай облысында 10 адам суға батып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 15:24 Сурет: pexels
Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен. Соңғы екі күнде тағы 3 адам ажал құшты.

Майлин ауданыдағы демалыс орында ішімдік ішкен бірнеше адам катамаранмен көл үстін кезіп, шектеулі аймақтан шығып кеткен.

Сол кезде жүзу құралы аударылып біреуі қаза тапты, деп жазады qazaqstan.tv.

Өзгесі жағалауға жүзіп жеткен.

Юбилейный елдімекенінде де балық аулап жүрген зейнеткердің қайығы аударылып, суға батып кеткен. Оның үстінде құтқару кеудешесі болмаған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: