Елімізде Абай Құнанбайұлы атындағы 100-ге жуық мектеп бар
Сурет: Zakon.kz
Елімізде хәкім Абай Құнанбаев атындағы 100-ге жуық мектеп бар. Сонымен қатар, ақынның 30-дан астам мүсіні мен ескерткіші орнатылған.
Бір облыс, үш аудан, бір қала, бірқатар ауыл округтері хакімнің есімімен аталады. Мың жарымға жуық көшеге ұлы ақынның аты берілген, деп жазады qazaqstan.tv.
Абай – қазақ поэзиясының биік шыңы, ұлттық руханияттың бір бөлігі.
Тұтас бір дәуірдің кемеңгері, қазақтың бас ақынына деген құрмет өзге мемлекеттерде де ерекше.
Әзірбайжан астанасы Бакуде, одан бөлек Нью-Дели, Париж, Бейжің, Ренн, Сеул, Тегеран және өзге де қалаларда Абайдың мүсіні мен ескерткіші бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript