Жамбыл облысында 90 шақырымға жуық жол жөндеу көрмеген
Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында үш аудан мен алты ауылдың арасын жалғайтын 90 шақырымға жуық жол тәуелсіздік алғалы толық жөндеу көрмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шудың жайсыз жолы Меркі мен Мойынқұмға дейін ұласады.
Жолсыздың бойында Төле би, Балуан Шолақ, Дулат, Жаңа қоғам, Далақайнар және Қонаев ауылдары бар. Тұрғындар үшін көлікпен жүру мұң, деп жазады qazaqstan.tv.
Тасжолдың беті жамалғанымен, 30 күнге жетпей қайта орға айналады дейді көпшілік.
"Беті ғана москировка ғой. Жол жөнделді деген атақ, бірақ ешқандай сапа жоқ жолда. Көлік сынбақ тұрмақ, бәленбай апат болып жатыр, сынғаны бер жақ. Осы екі ортаға мына жағы 25, мына жағы 60, 85-90 шақырым жол жоқ. Халыққа обал!" Батырхан Бидайбеков, Шу қаласының тұрғыны
270 шақырымды құрайтын "Меркі – Шу – Бұрылбайтал" күре жолы үш жылдан бері жөнделіп бітпей жатыр. 90 млрд теңгеден астам қаржы қаралыпты. Шудың сыртымен өтетін айналма жолдың енді 30 пайызын дұрыстау керек. Сондықтан жол азабына тағы бір жыл төзуге тура келеді дейді жолаушылар.
"Осы айналма жол Шудың сыртымен кеткен жолымыз бар. Бұрылбайталға дейін практикалық түрде бітіп отыр. Тек қана екі ортасы қалып отыр, 86 шақырым, Меркі мен Шудың ортасы. Қазір енді негі "ЦиньЦинь" жұмыс істеп жатыр. Енді соның субмердігері "Арсика Строй Инвест" деген мекеме Тараз қаласынан. Солар 31 шақырым жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келесі жылы аяқталады." Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript