Жаңалықтар тізбегі
0

Президенттік жастар кадр резерві: іріктеуден сәтті өткен үміткер қандай қызметке тағайындалады

Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия, президенттік жастар кадр резерві, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2023 14:09 Сурет: akorda.kz
Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, президенттік жастар кадр резерві – Мемлекет басшысының талантты жастар үшін пәрменді әлеуметтік лифт болып саналатын алғашқы жария бастамаларының бірі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу екі жылда бір рет өтеді. Бұдан бұрын тиісті резерв 2019 және 2021 жылдары жасақталды. Олардың ішінен 264 резервші мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы әртүрлі лауазымдарға тағайындалды. 31 резервші саяси лауазымдарды, 6 – "А" корпусының әкімшілік лауазымдарын атқарады.

"Ұлттық комиссияның отырысында 1 қыркүйекте басталып, биылғы жылдың соңына дейін жалғасатын президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Іріктеу шеңберінде кандидаттардың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу, ситуациялық тапсырмаларды шешу қабілетін, сондай-ақ құзыреттерін бағаланады және олар бірқатар әңгімелесуден өтеді. Іріктеуден сәтті өткен адамдар мемлекеттік қызметтің және квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау құқығымен үш жыл мерзімге резервке алынады", – делінген хабарламада.

Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев алдағы іріктеуді өткізуге дайындық туралы баяндады.Іріктеуді өткізу тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында жарияланады. Отырыстың қорытындысы бойынша аталған іс-шараны сапалы іске асыру және жастарды іріктеуге қатысу үшін кеңінен тарту бойынша тапсырмалар берілді.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 1 қыркүйекте басталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: