Азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова кепілмен босатылды

Жетісу облысының полиция департаменті журналист және азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция департаментінің хабарлауынша, 11 тамызда журналист Сандуғаш Дүйсенова Талдықорғанда ұсталған. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы 5-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты.
"Дүйсенова қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ол кінәсін мойындап, процессуалдық шараларды жүргізгеннен кейін ешқайда кетпеу туралы кепілдікпен босатылды", - делінген полиция хабарламасында.
Тергеу мүддесі үшін іс бойынша басқа мәліметтер жария етілмейді.
Талдықорғанда азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны туралы осыған дейін Zakon.kz ақпарат көздері хабарлаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript