Найзағай, бұршақ, нөсер жауын: 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық болады. 13 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының басым бөлігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. 13 тамызда облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 13 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 тамызда облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте күндіз солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде 13 тамызда облыстың таулы аудандарында, күндіз 13, тәулік бойы 14-15 тамызда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні15-20, кей уақытта 25-28 м/с. 13 тамызда облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 13-15 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
Астанада түнде және таңертең найзағай. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 тамызда облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.