Жетісу облысында су басқан ауыл тұрғындары жарықсыз қалды

су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 17:52 Сурет: Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Жетісу облысындағы бірнеше ауылында электр жарығы сөніп қалды. Бүгін су тасқыны болған Қаратал және Ескелді аудандарының тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ескелді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бағлан Әбілқасымов Zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында Абай ауылында күндіз құлаған ағаш кесірінен электр қуаты сөніп қалғанын айтты. Қазір мамандар мұны жөндеп жатыр.

Сағат 17:00-ге дейін Ешкіөлмес және Қарабұлақ ауылдарының тұрғындары жарықсыз отырған. Қазір электр қуаты қалпына келтірілді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақау көрші Қаратал ауданында да болған. Онда да бүгін Үштөбе қаласының бірнеше көшесі мен Талдықорғанға баратын жолды су басты.

"Қазіргі уақытта мамандар апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады әкімдік.

Еске салайық, Жетісу облысында толассыз жауған жаңбырдан Үштөбеге баратын жолды су басып, Ешкіөлмес ауылында су тасқыны болды, Талдықорғанның орталық көшелерін де су басып қалды. Оқиға орнында облыс басшылығы бастаған штаб жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: