Қытайда лай көшкінінен көпірлер қирады
Сурет: Zakon.kz
Қытайдың солтүстік-батысында үздіксіз нөсер жауып, лай көшкіні жүрді.
Табиғи апаттан 21 адам қаза тапқан. Тағы бірнеше тұрғын жоғалып кетті.
Жолдар мен бірнеше көпір қирап қалған. Электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесі де істен шықты.
Бірнеше үй қирап, адамдар баспанасыз қалды.
Іздеу-құтқару жұмыстарына мыңға жуық маман және еріктілер тартылған.
Сондай ақ мыңға тарта техника көмекке келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript