Шымкент полицейлері бірнеше сағатта 50-ден астам есірткі жарнамасын жойды

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 15:52 Сурет: ҚР ІІМ
Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлықпен күрес жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.

Мәселен, өткен аптада есірткімен күресушілер Жастар ресурстық орталығының, "Жастар Рухы" Жастар қанатының және жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес мүшелерімен бірлесіп "Есірткіге жол жоқ!" науқанын ұйымдастырды.

Шара барысында қаламыздың Әл-Фараби және Абай аудандарында бірнеше сағат ішінде 50-ден аса граффити боялып, есірткі жарнамалары жойылды.

Тәртіп сақшылары жастарды есірткіден аулақ болуға шақырады. Сондай-ақ есірткімен байланысты кез-келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін қатаң ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: