Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттегі балалар лагерьлерінен де заң бұзушылықтар анықталды

шымкент қаласы, балалар лагері, Шымкент қаласының прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 11:13 Сурет: gov.kz
Шымкент лагерьлерінде балалардың құқығы бұзылған. Бұл жөнінде 2023 жылғы 15 тамыз күні Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

Қадағалаушы орган таратқан ақпаратқа сүйенсек, Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда:

  • "Hawaii" лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеген, ал 2023 жылы бұл лагерьге 478 баланы орналастырған;
  • 220 балаға есептелген  "Үш бұлақ" лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған.
"Лагерьлердің көптеген қызметкері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетіп жатыр".Шымкент қаласының прокуратурасы

Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ.

"Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады", – делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: