Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы ауысты
Сурет: Facebook/Арман Рахымов
Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл лауазымға Арман Рахымов тағайындалған. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен мен Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы лауазымына тағайындалдым. Мен Агенттіктің бастамаларын қазір басқа аймақта жүзеге асыруды жалғастырамын. Екі жыл бойы Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосын басқара отырып, мен жаңа лауазымда міндетті түрде қолданатын құнды тәжірибе жинақтадым", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы қызметін атқарған Асхат Оразхан Ақмола облысындағы департаментке ауысқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript