Сергей Перов Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болды
Сурет: Facebook/Сергей Перов
Сергей Перов Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Құрметті солтүстікқазақстандықтар! ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бұйрығымен, ротация тәртібімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалдым. Солтүстік өңірде жұмыс істеген уақытымда мен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту және конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін өзімнің барлық жиған білімім мен тәжірибемді арнадым. Мұнда мен баға жетпес тәжірибе алдым, ол жаңа лауазымда қойылған міндеттерді орындау кезінде берік негіз болатынына сенімдімін", - деп жазды Сергей Перов Facebook-тегі парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Асхат Оразхан Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысысы тағайындалғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript