Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраудың жаңа әкімі көгершіндерге жем шашқандар жазаланатынын ескертті

көгершін, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 01:21 Сурет Шәкір Кейкіннің Facebook-парақшасынан
Атыраудың әкімі болып тағайындалғанына бір ай болған Шәкір Кейкін көгершіндерге жем шашуға ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, құстар Қаныш Сәтбаевтың ескерткішін ластап жатыр, олардың саңғырығынан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қаламыздың аға буын өкілдері, көзі ашық көкірегі ояу әр азаматтың мазалайтын мәселелерінің бірі - қаламызда орналасқан қазағымыздың мақтанышы, ұлт зиялысы, еліміздің тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ескерткішінің бүгіндегі сыйқы. Бұған себеп, ел сыйлаған ағамыздың жалғыз ескерткішінің басына көгершіндер қонып, құстардың мекеніне айналған. "Арнаулы автобаза" қызметкерлері қажетті тазалық жұмыстарын жүргізгенмен, бұрынғы қалпына қайта түсіп жатыр. Осы мәселені шешу үшін бүгін учаскелік полиция, "Арнаулы автобаза" ЖШС басшысы және жауапты бөлім басшыларымен бірге аталған орынға барып қайттым. Расымен, тазалық жұмыстары жүргізілгенмен, қайтадан қоректенуге келген құстардың саңғырығынан алаңда аяқ алып жүру мүмкін емес, антисанитарлық жағдай десек артық болмас. Осы мақсатта қала тұрғындарына бұл жерге келіп құстарды қоректендірмеуге ұсыныс білдіремін әрі арнайы хабарландыру жазылып, таратылады. Өмірден өткен ұлы тұлғаларға ескерткіш орнату – еліміздің тарихын, елдігімізді білдіреді. Осыған байланысты полиция басшылығына алдағы уақытта көгершіндерге тамақ қалдығын тастаған азаматтар мен азаматшыларға абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін құқық бұзушылық талаптарына сай шара қолдануды тапсырдым", - деп жазды ол.

Ескерткіштерге сарып жүрген көгершіндерден коммуналдық қызметтегілер де шаршаған екен. 

"Жоқ дегенде 4-5 сағат уақытымыз кетеді осы жерге. Жеңіс саябағының ішіндегі батырларымызға қойылған ескерткіштеріміз бар. Сол демалатын жерлерге тұрғындар келіп жемдерін шашып осындай лас күйге түсіріп тұр. Әр аптаның жаңағы сенбісінде жуатын едік. Қазіргі жазғы мезгілде 2 рет, 3 рет жууға тура келіп тұр"."Арнаулы автобаза" ЖШС қызметкері Күлайна Әжіғалиева
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: