Дәрігерлер мектеп жиһазына қойылатын талаптарды атап, ескерту жасады
Сурет: Zakon.kz
Санитариялық-гигиеналық талапқа сай келетін мектеп жиһазын пайдалану ұзақ мерзім өнімді сабақ оқу, дұрыс физикалық даму, оқушылардың дене бітімі мен көру қабілетінің бұзылуының алдын алу үшін өте маңызды. Осы себепті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кеңестер берді.
Оқу процесінің тиімділігі үшін ол ыңғайлы, қауіпсіз көпфункционалды (мобильді) болуы керек. Шынында да, баланың денсаулығы, оның дене мүсінінің дұрыстығы және жалпы омыртқаның жағдайы осыған байланысты.
"Ыңғайсыз қалыптан және шамадан тыс жүктемелерден омыртқа зардап шегеді. Балалардың ыңғайлы оқушы орындықтарында, барлық оқулықтар мен дәптерлерді орналастыруға болатын кең, ыңғайлы оқушы үстелдерінде отыруы өте маңызды. Дұрыс таңдалған оқу орны сколиоздың дамуына жол бермейді, сонымен қатар көру қабілетін, физикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді және оның эмоционалды жағдайын жақсартуға ықпал етеді". Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Комитет мамандары жиһаздың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлу қажет деп есептейді.
"Жиһаз үстелдің үстінде қолдың дұрыс орналасуына ықпал етеді. Аяқ еденде нық тұруы, оқушының тізесі мен үстелдің арасында жеткілікті орын болуы керек. Орындықтың арқасы мен отырғышының арасында бос орын болуға тиіс. Орындықта отырған баланың тізесі қысылмауы керек, яғни жиһаз балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс". Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Білім беру объектілерін таңбаланған мектеп жиһазымен жарақтандыру және оқушыларды дұрыс отырғызу оқушылардың тірек-қимыл аппаратында патологиялардың пайда болуын болдырмауға көмектеседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript