Қазақстанда күн қайта ысиды

Қазақстанда күн қайта ысиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 16:03 Сурет: pexels
Синоптиктер Қазақстандағы 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуі әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Ауа райы болжамына сай еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын болмайды.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріліп жатқаны байқалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: