Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында Асы жайлауынан 30 тонна қоқыс шықты

Алматы облысында Асы жайлауынан 30 тонна қоқыс шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 17:16 Сурет: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысындағы Асы жайлауынан 28 тонна қоқыс шығарылды. Қалдықтар қоқыстың көп екеніне шетелдік туристер назар аударған соң шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, туристер Асы жайлауында тұрақты кемпинг жасайды. 11-13 тамыз күндері демалыс күндері обсерватория аумағында кезекті ауқымды тур ұйымдастырылған. Бірақ бұл сапардан кейін қалған қоқыс дер кезінде шығарылмаған.

"15 тамызда туристер қалдырған қоқысты тазалау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Іле-Алатау МҰТП өкілдерімен бірлесе қоғамдық жұмыс күнін өткізді. Нәтижесінде 28 тонна қоқыс шығарылып, барлық аумақ тазартылды", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік таратқан видеода жайлауда туристер қалдырған тұрмыстық қалдықтармен қатар құрылыс қалдықтарының да жатқаны байқалады.

Бұған дейін шетелдік туристер Асы жайлауындағы қоқысқа назар аударған. Якутия тумасы қазақстандық туристік фирмалар табиғатқа немқұрайлы қарайтынын сынап, табиғатта ешкімнің қоқыс тазаламайтынын баса айтқан.

"Бұл жағдай Қазақстанның барлық туристік алпауыт фирмасына қатысты. Ассы жайлауы - еліңнің інжу-маржаны. Бірақ осы табиғатты мал қорадай ұстасаң, турларыңнан не пайда?" – деді турист.

Бұған дейін Алматыдан бір жылда 450 мың тоннадан астам қоқыс шығарылғаны хабарланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: