30 жұмысшы күніне 3 рет: Алакөл жағасынан күніне қанша көлемде қоқыс шығарылады

30 жұмысшы күніне 3 рет: Алакөл жағасынан күніне қанша көлемде қоқыс шығарылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 12:13 Сурет: primeminister.kz
Абай облысының әкімдігі Алакөл жағасынан күніне 10 тонна қоқыс шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік демалушылар Алакөлді қоқыспен толтырып тастайтынын айтып отыр. 30 жұмысшы жабылып жүріп, күніне 3 рет 3,8 шақырым жағалаудан, арбаттан, тротуарлар мен демалыс аймағының жиегінен қоқыс пен тұрмыс қалдығынан жинап тұруы керек.

Жазғы туристік маусымда Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің "Мақаншы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны көл жағасын санитарлық тазалаумен айналысады. Жағалаудағы тазалықты сақтау үшін қосымша 200 қоқыс жәшігі сатып алынды. Күн сайын көл жағасынан 10 тоннаға жуық қатты тұрмыс қалдығы шығарылады.


"Абай облысының Алакөл жағасында күнде 15-20 мың адам демалады. Былтыр бүкіл маусымда көлге 1 миллионнан астам адам келген. Ал биыл Қазақстаннан демалушылардың саны мен Алыс және жақын шетелдерден келетін қонақтар болжам бойынша былтырғы көрсеткіштен асып түседі", - делінген әкімдік хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: