Алматы аудандарында қала күніне орай ұйымдастырылатын шаралар

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2022 17:52 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі қала күніне орай аудандарда қандай шаралар ұйымдастырылатынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала күніне арналған мерекелік шаралар 17 қыркүйекте Алматының сегіз ауданында да ұйымдастырылады.

Мына орындарда концерттер, көрмелер және басқа да танымдық-ойын-сауық іс-шаралары өтеді:

  • Алатау ауданы – Атлеттер ауылы, сағат 11:00;

  • Алмалы ауданы – Ганди паркі, сағат 11:00;

  • Әуезов ауданы – Family Park, сағат 11:00;

  • Бостандық ауданы – "Mega Alma-Ata" СОО, Розыбакиев, 247а, сағат 11:00;

  • Жетісу ауданы – Гүлдер саябағы, сағат 11:00;

  • Медеу ауданы – Ғылым Академиясы алдындағы алаң, сағат 12:00;

  • Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347/2, сағат 11: 00;

  • Түрксіб ауданы – Сейфуллин атындағы саябақ, сағат 11:00.

Тұрғындар мен қонақтарды концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар және тағы басқалар күтеді.

Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар мына жерлерде де өтеді:

  • Тұңғыш Президент саябағы,

  • Абай алаңы,

  • Панфилов және Жібек Жолы көшелері,

  • Абай атындағы ҚазҰОБТ алдындағы алаң,

  • Астана алаңы,

  • "Алматы Арена" мұз сарайы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: