Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан ашылады

әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 20:00 Сурет: Zakon.kz
Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы ашылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен өткізген кеңесінде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, әуежайдың жаңа жолаушылар терминалында құрылыс-монтаж жұмыстары 65%-ға аяқталды. Оның ашылуы мерзімінен бұрын – 2024 жылдың жаз айының басына жоспарланған. Қолданыстағы терминалдың эстакадасы 1 қыркүйекке дейін ашылады.

Алматы әкімі әуежайда қызмет көрсету сапасының мәселелеріне, атап айтқанда, көп сағаттық кезек пен көлік тұрағының тапшылығын айтты.

"Әкімшілік қазірдің өзінде жүк желілерін жаңартуды, жаңа кондиционерлеу жүйесін орнатып, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдап жатыр. Жаңа жолаушылар терминалы ашылған соң қолданыстағы терминалды жаңғырту көзделіп отыр. Жаңа терминал тек халықаралық рейстерге, ал қолданыстағы терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетеді", - деп хабарлады әкімдік.

Алматы халықаралық әуежайын кеңейту жобасы аясында жолаушылар терминалы мен авиацияның жаңа ғимараттары салынып, эстакада, ұшу-қону жолағы мен вокзал маңы аумағын қайта жаңартылады. Тараптар сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен Жол картасын іске асыруға уағдаласты. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: