БҚО әкімінің бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлық үшін айыппұлмен құтылды
"Мой город" порталының хабарлауынша, сот Балтаев пен Досқалиевті қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты.
Сот үкімімен
- Ержан Балтаевқа 2 500 АЕК немесе 8,6 млн теңге айыппұл салынды. Оған қоса, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды,
- ал Артур Досқалиев 1 000 АЕК немесе 3,4 миллион теңге айыппұл төлеуі керек. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Олар сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге тиіс.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, Балтаев Досқалиевке нақты жұмыс істемейтін, бірақ бірнеше ай бойы жалақы алған екі адамды жұмысқа қабылдауды тапсырған.
Мемлекетке 1,9 миллион теңге шығын келтіріліп, Балтаев пен Досқалиев мұны бірден өтеп берген.
2023 жылдың шілде айының соңында әлеуметтік желілерде БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. 3 тамызда облыс әкімінің баспасөз қызметі шенеуніктің қызметінен босатылғанын хабарлады.
Елжан Балтаев 2023 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.