Астана – Петропавл тас жолында көлік бұланды қағып, адамдар зардап шекті
Сурет: zakon.kz
Астана – Петропавл тас жолында көлік бұланды соғып кетті, жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 тамыз күні сағат 23:30 шамасында "Астана – Петропавл" тас жолының 282-шақырымында Щучье бағытында келе жатқан Audi-80 көлігінің 34 жастағы жүргізушісі жолға қарай шыққан бұланды қағып кеткен.
"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақат алды". Ақмола облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақмола облысында жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 5 жазатайым оқиға тіркеліп, адамдар зардап шегіп, оларға материалдық шығын келген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript