Астана – Петропавл республикалық тас жолының бойында автокөлік өртенді
Сурет: pixabay
16 ақпан күні Астана – Петропавл республикалық тас жолының 195-шақырымында Honda Stream автокөлігі жанып кетті, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда бағытында жүріп келе жатқан автокөлік жүргізушісі капоттан түтін шығып жатқанын байқап, көлік өртенгенге дейін сыртқа шығып үлгерген.
Оқиға куәгері өрт сөндіру бригадасын шақырды, өртті Макинск қаласы 8-құтқару өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері сөндірді.
15 ақпан күні Алматыда қоғамдық көлік өртенді. Ақауды байқаған жүргізуші жолаушыларды дер кезінде аялдамаға түсіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript