Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 55 шетелдік азамат қабылдап-тарату орнына жеткізілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 13:09 Сурет: zakon.kz
Алматыда бір тәулікте 55 шетелдік азамат қабылдап-тарату орнына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жұмыс "Учаске" іс-шарасы аясында жүргізіліп жатыр. Мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.

"Атап айтқанда, шетелдіктерді жұмысқа тарту орындары мен олардың заңсыз еңбек әрекеттері тексерілді. Бұл – хостелдер, көлік жөндеу шеберханалары, көлік жуу және жеміс-көкөніс өнімдерін сату орындары. Өткен тәулікте барлығы 55 шетелдік анықталып, қабылдап-таратуға орналастырылды. Өзбекстаннан – 33, Тәжікстаннан – 16 және Нигериядан – 3 және басқа да елдің азаматтары бар. Сонымен қатар Қазақстаннан дер кезінде шығудан жалтарған 66 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, шетелдіктерді қабылдаған 33 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: