Солтүстік Қазақстанда қызылша жұқтырған 12 адам тіркелді

Мамандардың айтуынша, індетпен ауырғандардың 50 пайызы ауруға қарсы екпе алмаған.
Науқастардың жағдайы қалыпты. Үш адам шет елден,деп жазады qazaqstan.tv.
Атап айтар болсақ, Қырғызстан, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінен келгеннен кейін ауырған. Соңғы рет өңірде қызылша жұқтырған науқастар 2019 жылы тіркелген болатын.
Қауіпті инфекцияға шалдыққан 300-ге тарта адам емделіп шыққан еді.
"Қызылша ол жұқпалы өте ауыр инфекция болып табылады. Ол ауа тамшы жолы арқылы жұғады. Және ол ең бірінші шырышты қабатты зақымдайды. Содан кейін ол денеге таралады." Айнаш Сағындықова, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript