Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде еңбек мигранттарының саны күрт азайды

Ресейде еңбек мигранттарының саны күрт азайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 15:19 Сурет: ҚР ІІМ
Ресейде рубльдің әлсіреуіне байланысты еңбек мигранттарының саны азайды. Ал мамандар шетелдік жұмысшылардың 50 пайызға қысқаратынын айтады.

Жалақының қысқарып, азық-түлік, коммуналдық төлемдер мен үй жалдау құнының қымбаттап кеткені еңбек мигранттарының елден кетуіне сеп болды, жеп жазады qazaqstan.tv.

Әуе билеттерінің құны 400 пайызға дейін өсті. Оның үстіне қазір Ресейден шетелге ақша аудару қиындай түскен. "SWIFT" халықаралық жүйесінен ажыратылғалы бері елден тек жоғары комиссиямен ақша аударуға болады.

Ресми статистикаға сүйенсек, шетелдік жұмысшылар жергілікті тұрғындарға қарағанда 30 пайызға жалақыны аз алады.

Мен Қырғызстаннан жұмыс істеуге келдім. Мәскеуде ақшаның құны жоқ, өмір сүру қиын. Дүкенге барып, 1000 рубльге ештеңе ала алмайсың. Бәрі қымбат. Ержан Нұрбеков, мигрант

Осыған дейін Ресейде 12 миллионға жуық еңбек мигранты жұмыс істейтін. Қазір оның саны 10 миллионға да жетпейді. Бірнеше салада кадр дефициті байқалады.

Мәселен, тек құрылыс саласында 200 мың жұмысшы тапшы. Кейбір сарапшылар Африка елдерінен жұмыс күшін тарту керек деп есептейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: