18 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық сақталады
Астанада жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус аптап ыстық болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.