Сотталғандарды жұмыспен қамту: кедергілер мен мүмкіндіктер

Сотталғандарды жұмыспен қамту: кедергілер мен мүмкіндіктер , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 23:41 Сурет: Астана бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі
Астанада заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қарауына "Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету" мәселесі енгізіліп, қорытынды жиын өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген бұл шарада қалалық полиция департаменті мен Астана бойынша ҚАЖД басшылығы да белсенділік танытты.  

"Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген адам түзеу жолына дайын емес немесе қабылдағысы келмейді, өмірлік көзқарасын өзгертпейді, соның салдарынан қылмыстық жазаға қайта тартылады, бірақ сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін адам туыстарының қолдауының жетіспеушілігіне, әлеуметтік стигматизацияға және жұмыс берушінің соттылығы бар адамды жұмысқа қабылдаудан бас тартуына тап болады. Осыған байланысты жұмыс берушілерді осындай тұлғаларды жұмысқа қабылдауға ынталандыру жүйесін әзірлеу ұсынылып отыр. Мысалы, қайырымдылыққа ұқсас салық режимінде жеңілдіктер енгізу". Астана полиция департаименті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов

Астана бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Балтабайұлы осы жылдың басынан бері елордалық пробация қызметінің есебінен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға кесілген 4 547 сотталушы өткенін атап өтті.

Оның айтуынша, бұрынғы сотталғандардың көпшілігі жұмысқа орналасу үшін құжаттардың толық тізбесін жинағысы келмейді, олар нақты кестесіз жұмысқа орналасады, әрбір жұмыс істеген күнінен кейін жалақы төленеді. 

"Сондай-ақ 201 сотталушы елордада тіркеуге тұра алмағандықтан басқа өңірлерге кеткен. Сонымен қатар, биылғы жылы ҚАЖД статистикалық мәліметтері бойынша қайталанған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 33-тен 74-ке дейін өсуі тіркеліп отыр, қылмыстардың негізгі бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау құрайды", - деді ол.

Астана бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб елордада бостандыққа шыққан азаматтарға жұмыс бар екенін айтты.

"Қала жұмыс берушілері үшін Астана әкімдігінің қаулысымен жұмыскерлердің жалпы санының 1% мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленді. Тізімге 128 жұмыс орны бойынша 52 жұмыс беруші енгізілген", - деді ол. 

Бұл ретте маман аталған квотаны бұзу жұмыс берушілерге айыппұл салуға әкеліп соғатынын да ескерте кетті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: