Ақтөбеде ашық сот отырысы өтті
Ашық сотқа 40-тан астам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар қатысты.
Сот алдына келген адам – Ақтөбе қаласының тұрғыны, ол 2021 жылы мал ұрлығы үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған және бір жылдан кейін жақсы мінез-құлқы үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Алайда, босатылғаннан кейін сотталушы екі жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылық үшін 4 рет және қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін 2 рет жауапкершілікке тартылған.
Сот есептегі тұлғаға сот пәтерден (үйден) шығуға, елді мекеннен тыс жерлерге шығуға, ойын-сауық орындарына баруға тыйым салу түріндегі шектеулер белгілеу туралы шешім шығарды, сондай-ақ профилактикалық әңгімелесу өткізу үшін полиция пунктіне баруға міндеттеді.
"Жыл басынан бері ІІО бастамасы бойынша бұрын сотталған 29 адамға қатысты әкімшілік қадағалау белгіленді, әкімшілік қадағалаудың талаптары мен шектеулерін бұзғаны үшін 35 есепте тұрған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- делінген таратылған ақпаратта.
Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, түзеу жолына түспеген шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 25 адам бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзған 94 адамға қатысты шартты жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру жүзеге асырылды, ал 4 сотталушыға сынақ мерзімі ұзартылды.