Мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды

Мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 14:31 Сурет: akorda.kz
Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды.

Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған.

Аумағы – 12 мың шаршы метр.

Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді.

Сурет: akorda.kz

Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті.

Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: