Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "Қазақфильм" төрағасымен отандық кинематографияны дамыту мәселелерін талқылады

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 19:40 Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильм" АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Ақорданың хабарлауынша, Азамат Сатыбалды Президентке "Қазақфильм" қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

  • "Қазақфильмде" заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті;
  • кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды екеніне назар аударды;
  • кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру маңызды екенін айтты.

Мемлекет басшысы отандық кинематографияны одан әрі дамыту мәселесі айрықша бақылауда болатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: