Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж балалар бір реттік қолдау алып жатыр

қызылорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 21:25 Сурет: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж 37 087 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілер тарапынан да көмектер беріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов айтты.

"Науқан аясында 1 754 бала қаржылай, 3 156 балаға оқу құралдары, 485 балаға мектеп формасы, 196 балаға аяқ киім алынды. "Самұрық-Қазына" қорының бастамасымен 1-сыныпқа баратын 1 830 оқушыға рюкзак пен кеңсе заттары табысталды. Мұнан өзге, "Ел-арай" қорымен 500-ден астам балаға көмек беру жоспарланып отыр. Бүгінде жеке мектептердің аз қамтылған отбасынан шыққан 2000-нан астам баланың мәселесін шешу қарастырылып жатыр". Бағдат Бердәулетов

Сондай-ақ брифинг барысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтылды. Жалпы аймақ бойынша жаңа оқу жылында 180 мың оқушы білім алады деп жоспарланып отыр. Бірінші сыныпқа – 17 543 бала қабылданды. Педагогтар саны – 23 086.

"Бүгінде барлық білім беру ұйымдары қажетті санитарлық-гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді. Оқулық және оқу-әдістемелік кешендерге жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлініп,  412 029 дана оқулық алынды. Бұған қоса, 25 тамызға дейін тасымалдау-тарату жұмыстары толық аяқталады. Мектептер толықтай интернет желісімен қамтамасыз етілді. Осы жылдың қаңтар айынан 1-4-сыныпта оқитын 70 173 және әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11-сыныптағы 16 777 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылында да жалғасады". Бағдат Бердәулетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: