Таразда 2 миллион теңге пара алған судья ұсталды

ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2023 10:33 Сурет: Zakon.kz
Таразда 2 миллион теңге пара алған судья ұсталды, ол бұл ақшаны жазаны жеңілдету үшін алғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикоррупциялық қызмет Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараздың №2 соты судьясының 2 млн теңге сомасында пара алғанын әшкереледі.

Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыру емес, басақа жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды".Антикор
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: