Атырау облысында пара алған судья ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында Махамбет аудандық сотының судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық іс-әрекеттері (Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 2-т.) фактісі бойынша материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 2024 жылғы 15 қаңтарда 2,5 млн теңгені алған кезінде судьяны парамен ұстады". Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған. Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript