Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстан" шахтасындағы температура 45 градус болып тұр

Қазақстан шахтасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2023 16:32 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
"Қазақстан" шахтасындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құрамында 28 тау-кен құтқарушысы бар КӘАҚҚ РШО бес бөлімшесі Д6 қабатының конвейерлік көмір беткейінде қалған өрт ошақтарын сөндіріп жатыр.

Қазір шахтадағы температура 45 градус болып тұр.

Еске салайық, бүгін, 20 тамызда сағат 01:23-те "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан бесінші кеншінің мәйіті жер бетіне шығарылған еді.

Апат кезінде "Қазақстан" шахтасында 227 қызметкер болған. 222 адам жерге көтеріліп, 5 адам опат болды. Қаза болғандардың тізімі:

  • Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл
  • Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
  • Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: