Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада қоғамдық көліктің билет құны қымбаттай ма

Астанада қоғамдық көліктің билет құны қымбаттай ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2023 13:37 Сурет: Астана әкімдігі
Елордалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Қаналимов қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру құны қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның көптеген қаласында қоғамдық көлік билетінің құны қымбаттағаны белгілі. Осы ретте журналистер "Астаналықтар мұндай өзгеріске дайын болуы керек пе?" деген сауал қойды.

"Жыл соңына дейін қоғамдық көлікте жүру құнын көтеруді қарастырып жатқан жоқпыз. Келесі жылы өсуі мүмкін", - деп жауап берді елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов.

Ол қалада 90 теңгелік жол жүру ақысы тоғыз жылдан бері сақталып отырғанын еске салды.

"Осы жылдар бойы жанармай, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар, құрал-жабдықтар қымбаттағанымен қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы өзгерген жоқ. Нарықтағы жағдайды, осы саланың жағдайын ескере отырып, қарастыруымыз мүмкін. Бірақ келесі жылы. Әзірше жол жүру ақысын көтеру қарастырылмады", - деп түсіндірді Ерлан Қаналимов.

21 тамыз күні Алматының қоғамдық көліктеріне жаңа тарифтер енгізілді. Оған сай ұялы байланыс операторы, Оңай картасы немесе мобильді қосымша арқылы төлеу кезінде жол жүру ақысы 100 теңге, ал қолма-қол төленген жағдайда 200 теңге болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: