Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінішті 1 қыркүйектен бастап беруге болады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2023 19:02 Фото: zakon.kz
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтініштерді қабылдау 1 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініштер 30 қыркүйекке дейін pkrezerv.gov.kz сайтында беруге болады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: